Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сәйкес Қостанай облысы бойынша жастар секторының ұйымдастыруымен «Менің алғашқы оразам» тақырыбында мешіт жастарына арналған кездесу өтті.
Кездесуде аталған секторға облыс бойынша жауапты Әлішер Ертайұлы сөз сөйлеп, жастармен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, қасиетті Рамазан айының мұсылман қауымы үшін мәні мен маңыздылығы жөнінде уағыз-насихат айтты.
Сондай-ақ, басқосуға психолог, халықаралық және республикалық жарыстардың жүлдегері Ырысхан Ибрагимұлы арнайы шақырылып, оразаның рухани әрі психологиялық пайдасы туралы тренинг өткізді. Тренинг барысында Рамазан айында ораза ұстаудың сауабы мен адам өміріндегі орны жайында жан-жақты мәлімет берілді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі
akmechet.kz
02.03.2026
473
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру