Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің кітапханасында кітап клубы оқырмандарының алғашқы рухани жиыны өтті. ҚМДБ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жоспарға сәйкес «Ихсан» кітабын үш ай бойы үш бөлімге бөліп оқу бастамасы қолға алынды.
Облыс Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы кітабтың мазмұны мен тағылымдық мәніне тоқталып, ихсан ілімінің адам өміріндегі орны мен рухани кемелденудегі рөлін түсіндірді. Сонымен қатар, мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы қасиетті Рамазан айының артықшылықтары мен жүректі тазартатын, иманды күшейтетін рухани мәніне кеңінен тоқталды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
02.03.2026
434
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру