Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: «Ғажайып рамазан балы» өтті

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 02.03.2026 425 0 пікір
БҚО: «Ғажайып рамазан балы» өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының БҚО өкілдігі мен «Руханият» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен балаларға арналған «Ғажайып Рамазан балы» рухани-танымдық кеші өткізілді. Шараның басты мақсаты – қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін дәріптеу, әйел жамағатының сенімін арттыру және рухани байланысты нығайту болды.

Кеш екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде балалар діни-танымдық көріністі тамашалап, Рамазан, Құран, Тарауих, Құрма және Су рөлдеріндегі кейіпкерлер арқылы оразаның мәнін үйренді. Disney кейіпкерлері – Куроми мен Стич балаларға ислам діні жөнінде сұрақтар қойып, сұрақ-жауап түрінде дін негіздерін түсіндірді.

Екінші бөлімде балалар арасында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылып, 12 адамнан құралған 9 команда өзара бақ сынады. Қатысушылар діни-танымдық сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Жүлделі орын алған жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды, қалған балақайлар да естелік сыйлыққа ие болды.

Кеш соңында БҚО Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жәния Бақытқызы өткен байқаулар мен интеллектуалды ойындардың жеңімпаздарын марапаттап, шара көтеріңкі көңіл-күйде, рухани серпіліспен аяқталды.

Шараның басты мақсаты - балалардың Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, білімдерін шыңдау және Рамазан айының қадір-қасиетін насихаттау.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру