Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде нутрициолог маманы мен кездесу өтті

Ақтөбе облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 02.03.2026 453 0 пікір
Ақтөбеде нутрициолог маманы мен кездесу өтті

ҚМДБ бекіткен Рамазан жоспары аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі мен «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен халықаралық кәсіби нутрициолог Арина Нугмановамен кездесу өтті.

Шараны Ақтолқын Тажикова ашып, Кенжегүл Кушкарова «Рамазан және денсаулық» тақырыбында насихат айтты. Спикер ораза кезіндегі дұрыс тамақтану, ауызашар мен сәрені жеңіл әрі пайдалы тағамдармен бастау, ағзаны әлсіретпеу, қуатты сақтайтын өнімдерді тұтыну және ақуыз, май, көмірсу тепе-теңдігін сақтау жөнінде кеңінен түсіндірді.

Кездесу барысында әйел жамағаты сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. «Шырайлым» қыз-келіншектер клубы атынан спикерге Рамазанға арналған сый табысталды. Тағылымды шара офлайн және ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтіп, БАҚ өкілдеріне сұхбат берілді.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру