Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысында Брайль әдісімен басылған «Фикху Сира» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 02.03.2026 375 0 пікір
Алматы облысында Брайль әдісімен басылған «Фикху Сира» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы «Шынасыл» мешітінде Брайль әдісімен басылған «Фикху Сира» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған еңбек «7 нүкте» зағип жандарға Брайль үлгісімен білім беру орталығы жүзеге асырған жоба аясында жарық көрді.

Рухани шараға Алматы облысының Бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсатбек Мақсатұлы, Жамбыл ауданының «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Сүмбүлшаш Рыскелдіқызы, «Әжелер» мектебінің мүшелері және мешіт имамдары қатысты.

Жиын барысында облыстың Бас имамы Мадияр қТағайбайұлы аталмыш еңбектің маңыздылығына тоқталып, оның зағип жандар үшін аса қажетті рухани құрал екенін атап өтті.
  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру