Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлы баяндамасы аясында Шымкент қаласы өкілдігі, Жастар ісі секторы және «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Тегін такси» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылуда.
Игі шара барысында мешіт имамдары мен ерікті жамағат мүшелері тарауих намазына келген тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізіп салуда. Бұл бастама қасиетті Рамазан айында халыққа қолдау көрсетіп, қоғамдағы жанашырлық пен қамқорлық құндылықтарын арттыруды мақсат етеді.
Шымкенттің Бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы акцияның негізгі мақсаты – ел арасындағы бауырмалдықты нығайтып, береке-бірлікті күшейту екенін атап өтті. Сондай-ақ көлігі бар азаматтарды мүмкіндігіне қарай сауапты іске үлес қосуға шақырды.
Қайырымдылық шарасына қатысқан еріктілер мұндай игі бастаманың жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқанын айтып, алдағы уақытта да белсенді атсалысуға дайын екендерін жеткізді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
02.03.2026
817
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру