Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда жастарға ауызашар берілді

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі 27.02.2026 495 0 пікір
Қостанайда жастарға ауызашар берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті Рамазан айындағы атқарылатын жұмыс жоспары аясында жастарға ауызашар беру бастамасы да қарастырылған.

Осыған орай Қостанай өңіріндегі жастар секторының ұйымдастыруымен облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітіне келуші 100 жас өркенге ауызашар берілді.

Ауызашар дастарханында Бас имам Бектұрсын Торғайұлы Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы мен Отанды қадірлеп-қастерлеудің маңыздылығы, патриотизм жайында уағыз-насихат айтты. Өз кезегінде өңір жастары игі бастаманың жалғасын табуына тілек білдіріп, ризашылықтарын танытты.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру