Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Рамазан —жүрек тәрбиесі» атты рухани кеш өтті

Ақтөбе облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі nurgasyr.kz 24.02.2026 492 0 пікір
Ақтөбе: «Рамазан —жүрек тәрбиесі» атты рухани кеш өтті

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Ислам және адал қоғам» жылына орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің әйел-қыздар бөлімі және «Имани гүл» рухани даму клубы «Рамазан —жүрек тәрбиесі» атты рухани кеш ұйымдастырды.

Шараға 100-ге жуық әйел жамағаты қатысты. Кештің шымылдығы Қасиетті Құран аяттарымен ашылды Пайғамбарымызға (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) салауат айтылды. Алғы сөзді мешіттің наиб имамы Ералы қари Құлмағамбетұлы алып, Рамазан айының қадір-қасиеті, Құранға ерекше көңіл бөлудің маңыздылығы жөнінде мазмұнды насихат айтты.

Сонымен қатар аталған мешіт ұстаздары Рамазан айындағы құлшылықтар, ілім алу мен ізденістің тұрақты болуы-мұсылманға пайдасы зор екендігін сөз ете келе, мешіт ұйымдастыруымен өтіп жатқан Құран хатымдарына, Рамазан айына арналған арнайы дәрістер мен рухани бағдарламаларға белсене қатысуға үндеді. Бұдан бөлек, өкілдік ұстаздары Рамазан айының қадір-қасиетін терең ұғынуға, құлшылықтарға ықыласпен ден қоюға, білім алуға және игі істерге белсенді түрде үлес қосуға шақырды. Тағылымы мол рухани кеш Рамазан айының мәні мен маңызын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру