Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Жамағатқа уақып қоры таныстырылды

Шымкент қаласы өкілдігінің Баспасөз қызметі 24.02.2026 609 0 пікір
Шымкент: Жамағатқа уақып қоры таныстырылды

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде Тарауих намазы алдында Уақып сарқылмас қазына тақырыбы бойынша уағыз-насихат ұйымдастырылды. 

Игі шараны Шымкент қаласы Абай аудандық мешітінің бас имамы Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып жамағатқа Уақып қорының мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп берді. Сондай-ақ жуырда жарық көретін Қазақ Құран кітабы туралы атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады.

Сондай-ақ, кездесу аясында жамағат сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру