Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы өңірдегі бірқатар мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.
Іссапар барысында бас имам қалалық «Ержан хазірет» мешітінде, қалалық «Шопан ата» мешітінде, Ақшұқыр ауылдық мешітінде және Сайын Шапағатов мешітінде болып, тексеріс жүргізді.
Тексеру кезінде қасиетті айда ұйымдастырылып жатқан рухани шаралар, тарауық намазының өткізілу деңгейі, мешіттердің сыртқы және ішкі жағдайы назарға алынды. Сонымен қатар мешіт тазалығы, ішкі тәртіптің сақталуы, кітап сөрелеріндегі діни әдебиеттердің мазмұны мен жүйелі орналастырылуы жіті қарастырылды.
Облыстың бас имамы Рамазан айының қадір-қасиетіне тоқталып, бұл ай – рухани жаңғыру мен сауапты амалдарды арттырудың үлкен мүмкіндігі екенін атап өтті. Сондай-ақ мешіт қызметкерлеріне жамағатпен жұмысты жандандыру, қайырымдылық шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
23.02.2026
636
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру