Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Қарттар үйінде ауызашар берілді

Ақмола облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 20.02.2026 661 0 пікір
Ақмола: Қарттар үйінде ауызашар берілді

Асыл дінімізде қарттарды қадірлеу – үлкен сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиетінде: «Кімде-кім қартты құрметтесе, Алла Тағала оған қартайған шағында құрмет көрсететін жанды нәсіп етеді» деп айтылған.

Осы ізгі қағиданы насихаттау мақсатында Көкшетау қаласындағы «Ақниет» қарттар үйінде зекет және қайырымдылық жобасы аясында ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.

Шара зекет және қайырымдылық бөлімінің Ақмола облысы бойынша өкілі Науан Мүталұлының ұйытқы болуымен өтіп, қарттарға ерекше құрмет көрсетілді. Ауызашар барысында ақсақалдар мен әжелерге дастарқан жайылып, ізгі тілектер айтылып, рухани қолдау көрсетілді.

ҚМДБ қарттарды құрметтеу – қоғамдағы ізгіліктің үлгісі екенін атап, мұндай шараларды тұрақты түрде өткізуге шақырады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру