Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау облысы: ҚАЖ департаментіне діни-танымдық кітаптар табысталды

Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 20.02.2026 444 0 пікір
Атырау облысы: ҚАЖ департаментіне діни-танымдық кітаптар табысталды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүфтияты баспасынан жарық көрген діни-танымдық кітаптар табысталды. Игі шараның мақсаты – түзеу мекемелеріндегі азаматтардың рухани білімін арттыру, діни сауаттылығын қалыптастыру және тәрбиелік мәні бар еңбектермен қамтамасыз ету.

Жиынға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қахарман Рахметұлы және Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Данияр Бахитұлы қатысты.

Сондай-ақ қасиетті Рамазан айына орай №15, №75 және №79 ерлер және әйелдер түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға мүфтият баспасынан шыққан кітаптармен қатар ауызашарға арналған құрма мен ауыз су таратылды.

Шара барысында қатысушылар рухани қолдаудың маңыздылығына тоқталып, мұндай бастамалардың қоғамдағы ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын нығайтуға оң ықпал ететінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру