Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы — жаңа мешіт ашылды

Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.02.2026 497 0 пікір
Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы — жаңа мешіт ашылды

Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданында жаңа мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Думан Нәдірұлы арнайы қатысып, жамағатты қуанышымен құттықтады.

Ашылу рәсімінде демеушілерге алғыс хаттар табыс етіліп, әжелер ақ шашу шашты, ақсақалдар бата берді. Сонымен қатар Құран бағышталып, мешіттің алғашқы азаны шақырылды.

Жаңа мешіт аудан халқының көптен күткен рухани орталығы болып, жергілікті кәсіпкерлер мен жомарт жандардың қолдауымен бой көтерді. Бұл игі іс бірліктің, ынтымақ пен имандылықтың жарқын көрінісі ретінде жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін орталыққа айналады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру