Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде облыстық «Нұр Ғасыр» мешітіне қазақы нақыштағы аспалы шам орнатылды

Ақтөбе облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.02.2026 831 0 пікір
Ақтөбеде облыстық «Нұр Ғасыр» мешітіне қазақы нақыштағы аспалы шам орнатылды

ҚМДБ-ның «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауық намазында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне қазақы нақыштағы жаңа аспалы шам орнатылды.

17 жылдан кейін ауыстырылған бірегей шам «Қазақтың шаңырағы» үлгісінде әзірленіп, Түркия мамандарының арнайы тапсырыспен бір ай ішінде жасаған жұмысы. Диаметрі – 8 метр, салмағы – 350 келі. Жоба құны 10 миллион теңгені құрайды. Игі іске жергілікті жомарт кәсіпкерлер демеушілік көрсетті.

Алғашқы тарауық намазына жиналған жамағат нұрлы мешітте құлшылық жасап, сауапты іске үлес қосқан азаматтарға ақсақалдар батасын берді.

Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасына сәйкес мешіттерді ұлттық нақышта жабдықтау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағытта 2025 жылдың шілде айында «Нұр Ғасыр» мешітіне 2211 шаршы метр аумаққа құны 60 миллион теңге болатын қазақы үлгідегі жаңа кілем төселген еді.










Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру