Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы орталық мешітінде жастар әдебі семинары өтті

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі azan.kz 10.02.2026 1102 0 пікір
Алматы орталық мешітінде жастар әдебі семинары өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Алматы қаласы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жастарына арналған «Жастар әдебі» тақырыбында семинар өтті.

Аталған семинарға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Күзекбай Бағыжан Ерболатұлы қатысып, жастарға мазмұнды насихат жүргізді. Іс-шара барысында жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, бауырмалдық, мешіт әдебі, жеке мінез-құлық мәдениеті, сондай-ақ жат ағымдардан сақтану мәселелері кеңінен қозғалды.

Сонымен қатар Ораза әдебі туралы тағылымды ойлар айтылып, жастық шақтың аманат екені, уақытты тиімді пайдалану, ел мен дінге қызмет ететін саналы тұлға болып қалыптасудың маңызы насихатталды. Кездесу жастарды көркем мінезге, имандылыққа және дін мен дәстүрді үйлестіре ұстануға үндеді.

Шара соңында Бағыжан Ерболатұлы жастардың жеке сұрақтарына жауап беріп, Мүфтият баспасынан жарық көрген кітаптар таратылды.

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру