Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: ҚМДБ баспасынан жарық көрген кітаптар мешіттерге табысталды

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 10.02.2026 1006 0 пікір
Шымкент: ҚМДБ баспасынан жарық көрген кітаптар мешіттерге табысталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдік «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау мақсатында «Мешітке кітап сыйла» атты рухани шара өткізді.

Аталған игі бастамаға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Ахметжан Керімбек, «Muftiyat» баспасының қалалық өкілі Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев, сондай-ақ Жастар ісі секторының қызметкерлері мен аудандық мешіт имамдары қатысты.

Шара барысында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ», «Отбасылық сұрақ-жауаптар», «Құран інжулері», «Исламдағы сауда-саттық», «Пәтуалар жинағы» (1–5 том), «Бабалар ізімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Ислам ғибадаты» және өзге де барлығы 22 түрлі құнды кітап мешіт кітапханаларына табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру