Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Оқушылар арасында облыстық білім сайысы өтті

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 06.02.2026 1310 0 пікір
Маңғыстау: Оқушылар арасында облыстық білім сайысы өтті

Маңғыстау облыстық Қ. Сыдиықов атындағы кітапхана мен Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен «Әбіш Кекілбайұлы кім?» кітабынан «Артық білім – кітапта» атты облыстық оқу байқауы өтті.

Білімге құштарлықты арттыруға арналған сайысқа Ақтау қаласы мен Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған және Мұнайлы аудандарынан келген мектеп оқушылары қатысты. Олар өз білімдерін сынға салып, байқау барысында шеберліктерін көрсетті.

Шарада облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, Әбіш Кекілбайұлының ел руханиятындағы орнына тоқталды, жас ұрпақты білімге, кітап оқуға және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге шақырды. Сондай-ақ, мұндай танымдық іс-шаралардың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.

Байқау қорытындысында жеңімпаз оқушыларға қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
  
    
       

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру