Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: «Пайғамбарға салауат айт» атты сайыстың қорытынды кеші өтті

Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 03.02.2026 850 0 пікір
СҚО: «Пайғамбарға салауат айт» атты сайыстың қорытынды кеші өтті

«Қызылжар» қалалық мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Пайғамбарға салауат айт» атты сайыстың қорытынды кеші өтті.

Рухани кеш барысында сайыста үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, жамағатқа арнап танымдық әрі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, тағылымды уағыз-насихат айтылып, қасиетті Рамазан айында оразаны дұрыс ұстау, одан сақтану қажет болатын амалдар жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

Жүректерге иман нұрын ұялатқан, рухани әсерге толы кеш жиналған жамағатқа ерекше әсер сыйлады. Іс-шараға қатысқан барша қауымға Алла Тағала разы болсын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру