Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе облысының имамдары 2026 жылы атқаратын жұмыс жоспарын бекітті

Ақтөбе облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 29.01.2026 1437 0 пікір
Ақтөбе облысының имамдары 2026 жылы атқаратын жұмыс жоспарын бекітті

«Шабыт» орталығында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен алқалы жиын өтті. Басқосуға Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы Қаныбек Жақсығалиев, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қала және аудан имамдары мен ұстаздары, сондай-ақ бөлім жетекшілері қатысты.

Жиын барысында облыстың Бас имамы өңір имамдарының 2026 жылы атқаратын жұмыс жоспарын бекітті. Сонымен қатар «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жүзеге асырылатын негізгі бағыттар жан-жақты талқыланып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы мен алдағы жылға арналған жұмыс жоспары имамдарға кеңінен таныстырылды.

Амантай Әбділдаұлы діни қызметтегі жауапкершіліктің бұрынғыдан да арта түсетінін атап өтіп, адалдық ұғымының мәні мен маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Биылғы жұмыс «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Дәстүр және отбасы», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша жүйелі әрі нәтижелі түрде жүргізілуі қажеттігін айтты.

Сондай-ақ жиын барысында бөлім жетекшілері өз салалары бойынша баяндама жасады. Бас имам өткен жылғы жетістіктерге тоқталып, биылғы бөлімдердегі бірқатар өзгерістерді таныстырды. Атап айтқанда, «Қажылық» бөлімінің жетекшісі болып Нұрлыбек Такеев, ал «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Ақтөбе облысы бойынша директоры болып Ақыл Әбдікәрімов тағайындалғанын мәлімдеп, жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі.















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру