ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2026 жылға арналған бағдарлық баяндамасы аясында Қарағанды облысы имамдарының алқалы жиыны өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен жиынға қала, аудан және ауыл мешіттерінің имамдары қатысты.
Басқосу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арнаған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жүзеге асырылатын негізгі төрт бағыт кеңінен талқыланды.
Атап айтқанда, ихсан мен насихатты күшейту, діни оқу-ағарту жұмыстарын жүйелеу, дәстүр мен отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу бағыттарында жыл бойы атқарылатын іс-шаралар жоспары таныстырылды.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Жүсіпбек Шұғайұлы ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінде бекітілген бірқатар пәтуаларға тоқталып, имамдарға түсіндірме жасады.
Жиын соңында 2025 жылы қызметте үздік нәтиже көрсеткен дін қызметкерлері ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды.























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
28.01.2026
1339
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру