Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасын кеңінен насихаттауға және 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы аясында іске асырылатын жұмыстарды түсіндіруге арналған қалалық имамдар форумы өтті.
Игі шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып, жүргізді. Форум барысында ҚМДБ тарапынан бекітілген төрт негізгі бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарды Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Мұхамеджан Естеміров және Дастан Желеуов жан-жақты түсіндіріп, мазмұнды баяндамалар жасады.
Сонымен қатар форум аясында шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ-ның жаңадан құрылған бөлімдері мен секторларының қызметімен таныстырып, 2026 жылы жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі жоғары деңгейде жүзеге асыруды барлық сала жетекшілеріне тапсырды.






























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
muftyatkz
16.01.2026
1049
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру