Қоғамда еңбек адамына деген құрметті арттыру, мейірім мен жанашырлықты насихаттау мақсатында қыстың аязды күндерінде қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталған игі шара Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұжымы, Өскемен қалалық мешіттерінің қызметкерлері, Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы және ШҚО «Зекет және қайырымдылық» қорының бірлескен бастамасымен өтті.
Іс-шара барысында қала тазалығы мен тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынылып, алғыс айтылып, ізгі тілектер білдірілді.
Аталған бастама Ислам дініндегі ізгілік, қайырымдылық, өзара көмек және қоғамға қызмет ету секілді асыл құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
muftyatkz
16.01.2026
848
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру