Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада 120 мұқтаж отбасына 63 тонна көмір таратылды

Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 13.01.2026 753 0 пікір
Астанада 120 мұқтаж отбасына 63 тонна көмір таратылды

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен елорда мешіттерінде қайырымдылық бағытындағы игі іс-шара ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, «Жылу сыйла» акциясы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсатбек Қайырғалиев, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, сондай-ақ «Әс-Сәлам», «Ар-Рахман», «Ырыскелді қажы» мешіттерінің бас имамдары қатысты.

Жомарт жандардың қолдауымен 120 мұқтаж отбасыға жалпы көлемі 63 тонна көмір үлестірілді. Шара барысында Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қақаған қыс мезгілінде көрсетілген мұндай көмектің аса маңызды екенін атап өтіп, қайырымдылыққа негізделген игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру