Өскемен қаласындағы «Әл-Фараби» мешітінде Жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ) мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Басқосуға ЖАНТ құрамындағы дін қызметкерлері қатысты.
Жиынды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас имамы Думан Нәдірұлы жүргізіп, 2025 жылы атқарылған ЖАНТ жұмыстарының қорытындысын жасап, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттарды атап өтті.
Сондай-ақ жиын барысында дін қызметкерлеріне биылғы жылға арналған жаңа талаптар мен міндеттер түсіндіріліп, жамағатпен жұмыс жүргізуде бірізділік пен жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы айтылды.
Жиын соңында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, алдағы атқарылатын жұмыстарды нақтылады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
muftyatkz
12.01.2026
915
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру