ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде алғашқы кеңейтілген діни мәжіліс өтті.
Жиынға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, бірінші наиб имам Мұсабек Ақтамберді, қала және аудан мешіттерінің имамдары қатысты.
Мәжіліс барысында Мұхамеджан Естеміров ҚМДБ қызметінің негізгі төрт бағыты – дін мен дәстүр, жат ағымдардың алдын алу, діни оқу-ағарту және уағыз-насихат бойынша 2026 жылға арналған жоспарды таныстырды. Сонымен қатар, салаға жауапты кураторлар бекітілді.
Жиын соңында бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы жыл басында берілген тапсырмаларды толық орындап, бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
09.01.2026
845
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру