Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Дәділұлы Бостандық ауданына қарасты «Нұр-Мүбарак» мешітінде өткен «100 күнде – 100 шәкірт» жобасы аясындағы шәкірттерді марапаттау рәсіміне қатысты.
Құранға деген шынайы ықылас пен ниет айқын көрініс тапқан бұл іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни сауат ашу курстары шеңберінде ұйымдастырылды. Аталған жобаға 100 ер адам мен 50 әйел адам тұрақты түрде қатысып, Құран әліппесін толық меңгеріп, қасиетті Құранға түсті.
Игі бастаманың басты мақсаты – тек әріп үйретумен шектелмей, жүректерді Құран нұрымен тәрбиелеу, имани білімге жол ашу болды. Іс-шара барысында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қысқа мерзім ішінде жоғары нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтіп, бұл жетістік шәкірттердің ықыласы мен ұстаздардың табанды еңбегінің айқын жемісі екенін жеткізді.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
18.12.2025
1446
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру