Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы имамдарының жылды қорытындылауға арналған жиыны ұйымдастырылды. Басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмалары мен бағдарлық баяндамасында айқындалған міндеттердің орындалуы кеңінен талқыланды.
Шығыс Қазақстан облысының Бас имамы Думан Нәдірұлының төрағалығымен өткен жиында облысқа қарасты қала және аудан имамдары жыл бойы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, діни-ағартушылық, рухани және әлеуметтік бағыттағы шаралардың жүзеге асқанын баяндады. Сондай-ақ қайырымдылық акциялары, әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар және діни білім беру курстарының нәтижелері сөз болды.
Жиында қала және аудан имамдарының жұмыс есептері тыңдалып, атқарылған істерге жан-жақты сараптама жасалды. Бас имам имамдардың қоғам алдындағы жауапкершілігіне тоқталып, олардың тек мешіт ішінде емес, қоғам алдында да үлкен жауапкершілік арқалағанын атап өтті. Халықтың діни сауатын арттыру, жат ағымдардың алдын алу және жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру басты міндет ретінде қарастырылды. Алдағы уақытта ҚМДБ белгілеген бағдарлық міндеттер аясында рухани-танымдық жұмыстар күшейтіліп, жамағатпен байланыс одан әрі нығайтылады деп хабарланды.
Жиында мешіттердің қызметін ұйымдастыру, жамағатпен жұмыс жүргізу, діни сауаттылықты арттыру, жастарға арналған тәрбиелік іс-шаралар, қайырымдылық және уағыз-насихат бағытындағы жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар мешіт қызметін жүйелеу, кадрлық әлеуетті арттыру, жат ағымдардың алдын алу және халықтың діни сауаттылығын көтеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
18.12.2025
1112
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру