Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

11 Ақпан 2026

23 Шағбан 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Алматы: Құран Кәрімнің «Кәһф» және «Рахман» сүрелері бойынша жатқа оқу және тәпсір айту сайысы өтті

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі azan.kz 17.12.2025 912 0 пікір
Алматы: Құран Кәрімнің «Кәһф» және «Рахман» сүрелері бойынша жатқа оқу және тәпсір айту сайысы өтті

ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» мешітінде тұңғыш рет Құран Кәрімнің «Кәһф» және «Рахман» сүрелері бойынша жатқа оқу және тәпсір айту сайысы ұйымдастырылды.

Рухани сайыстың ашылу рәсімінде Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Дәділұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ бұл бастаманың ел бірлігі мен рухани дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті. Сайыс қорытындысында жеңімпаздарды марапаттап, өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын табыстап, барша үміткерге алғысын білдірді.

Аталған сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық үміткер қатысып, іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде 10 ер және 10 әйел қатысушы үздік деп танылып, ақтық мәреге жолдама алды. Финалдық кезең білім мен зерденің, жаттау мен түсінудің, тәпсір мен тағылымның өзара үйлесім тапқан тартысына айналды.

Ақтық сайыста қатысушылар «Рахман» және «Кәһф» сүрелерінен аяттарды жалғастырып оқып, кейін оқыған аяттарының мағыналық тәпсірін жүйелі әрі нақты түрде түсіндіріп берді. Бұл кезеңде үміткерлердің Құранға деген ықыласы, терең діни білімі мен ойлау қабілеті айқын байқалды.

Ерлер арасында өткен сайыста әділқазылар алқасының құрамында:

  • Шежімбай Бағлани – «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы,

  • Инаятуллаұлы Мансұр – «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы,

  • Сұлтанбай Назар – Алматы орталық мешітінің наиб имамы болды.

Әйелдер арасында өткен сайысты төмендегі ұстаздар бағалады:

  • Сариева Жадыра – «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы,

  • Гүлмира Ілесбайқызы – Алматы орталық мешітінің ұстазы,

  • Айнұр Жарқынбекқызы – «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы.

Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында:

  • І орын – Айдаралиев Жамбыл Шекерович (Алматы қаласы),

  • ІІ орын – Оспанов Айбар Жанкелдіұлы (Қарағанды қаласы),

  • ІІІ орын – Амандосов Айбол Еркинович (Қарағанды қаласы).

Қыздар арасында:

  • І орын – Амангелді Арайлым Жұмағалиқызы (Шымкент қаласы),

  • ІІ орын – Дәулет Мерей Тұрқарақызы (Жетісай қаласы),

  • ІІІ орын – Менелбек Ханифа (Алматы қаласы).

Бұл рухани жарыс Құранға деген құрметті арттырып, жастардың діни білімге деген ынтасын күшейтетін, елдік пен Тәуелсіздіктің рухани негізін бекемдей түскен тағылымды шара ретінде көпшілік тарапынан жоғары бағаланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру