Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Ислам және отбасы құндылығы» жылының қорытындысын шығарды

Ақтөбе облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 05.12.2025 1091 0 пікір
Ақтөбе: «Ислам және отбасы құндылығы» жылының қорытындысын шығарды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жариялаған «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі жылдық жұмыстың қорытынды жиынын өткізді. Отырыс облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен өтіп, оған «Иман» журналының басшылығы, дін қызметкерлері, 28 бағытқа жауапты мамандар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында қала және аудан имамдары жылдық есептерін ұсынып, мешіттер қызметіне жасалған талдау нәтижелері қаралды. Белсенділігімен көзге түскен қызметкерлер мен ақпараттық қолдау көрсеткен тұлғалар алғыс хаттармен марапатталды. «Үздік имам» – Бақжарық Қызырұлы, «Үздік медиа аудан» – Шалқар ауданы деп танылды. Сонымен қатар «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Құшқарова, «Нұр Ғасыр» мешітінің бас есепшісі Гүлнар Маханова және бірқатар журналистер арнайы марапат алды.

Жыл ішінде қайырымдылық бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүргізілді: «Өмірге үміт сыйла» жобасымен 24 науқасқа көмек көрсетілді, «Ел үлесі – пәтерге» арқылы 6 отбасы баспаналы болды, «Тайқазан» аясында 4099 отбасы азық-түлікпен қамтылды, 267 отбасыға киім-кешек таратылды. Мешіттер мен медреселерге 12 бағытта демеушілік көрсетілді. Сондай-ақ 17 жылдан кейін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің кілемі жаңартылып, мешіт ауласына асфальт төселді.

ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай аудандық екі мешітке су жаңа автокөлік уақып етілді.
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 














Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру