Қалалық «Қызылжар» мешітінде облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Дәуренбек Қабибуллаұлы жүргізетін ақида сабақтарының алғашқы кітабы аяқталуына орай жамағат арасында білім сайысы өтті. Наиб имам әр сейсенбі сайын ақшам намазынан кейін тұрақты дәріс өткізіп, жамағаттың сенім іліміне қызығушылығын арттырып келеді.
Сайыс қорытындысы бойынша
І орын – Еділ Зікірин,
ІІ орын – Серік Арзақұлов,
ІІІ орын – Амангелді Қойшығұлов.
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.
Марапаттау рәсіміне Хамзат Қажумұратұлы қатысып, жамағаттың білімге деген ынтасын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай шаралар діни сауаттылықты арттыруға оң ықпал етеді.
Сайысқа 10-ға жуық жамағат мүшесі қатысып, өз білімдерін сынады. Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осы бағыттағы игі шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
03.12.2025
1096
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру