Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Өмірге үміт сыйла» донорлық акциясы өтті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.12.2025 941 0 пікір
Қызылорда: «Өмірге үміт сыйла» донорлық акциясы өтті

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Қызылорда облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Ақмешіт–Сырдария» орталық мешітінде «Өмірге үміт сыйла» ұранымен донорлық акция өткізілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай қасиетті жұма күні өткен шарада мешітке келген ерікті жамағат қан тапсырып, сауапты іске үлес қосты.

Қасиетті Құран Кәрімнің «Маида» сүресінің 32-аятында: «Кім бір адамды өлімнен құтқарса – барлық адамды тірілткенмен тең» делінген. Осы аятқа амал еткен жамағатқа «Облыстық қан орталығының» қызметкерлері мен мешіт имамдары ризашылықтарын білдірді.

Шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, қан тапсырудың адам өмірін сақтаудағы маңызы түсіндірілді.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру