ҚМДБ Қызылорда облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы мешіттерде «Muftiyat» баспасының кітап жәрмеңкесі өтті. Жұма намазына жиналған жамағатқа діни-танымдық, рухани тәрбие, отбасы құндылықтары мен ұлттық дәстүрлерге арналған кітаптар ұсынылды.
Келушілер әдебиеттерді қолжетімді бағамен сатып алып, жаңа басылымдармен танысты. Әсіресе жастар мен жамағаттың діни сауатын арттыруға бағытталған кітаптарға қызығушылық жоғары болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін дамыту, отандық діни басылымдарды насихаттау және сапалы діни әдебиеттерге қолжетімділікті арттыру.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
01.12.2025
1108
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру