Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ мүшесі, Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Темірлан Ибраев Алматы қаласына іс-сапармен келіп, бірқатар мешіттер мен білім ордаларында насихат жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар аясында Алматы Орталық мешітінде «Исламдағы ғылымның орны» тақырыбында әсерлі уағыз айтып, жамағатпен жүздесті. Наиб имам өз сөзінде ислам дінінің адамзат баласын тұрақтылық пен татулыққа шақыратынын, білім алуды басты міндет ретінде жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ ғылымның діни, әдеби, жаратылыстану және басқа да салалар бойынша оқытылуы – Жаратушының құдіретін тануға жол ашатынын тілге тиек етті. Мектеп қабырғасынан бастап оқытылатын физика, химия, математика, биология секілді пәндердің де дүниенің тұтастығын түсінуге бағыттайтынын айтты.
Уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Темірлан Ибраевтың Алматы қаласындағы сапары барысында «Абдулла», «Төле би» мешіттерінде, сондай-ақ «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің оқу ғимаратында жамағат пен шәкірттерге арналған уағыз-насихат жұмыстары жалғасты.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
01.12.2025
1211
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру