ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Ажырасу – Алла сүймейтін іс» атты қыз-келіншектерге арналған тағылымды семинар ұйымдастырылды.
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында өткен игі шараны ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызы ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, ажырасудың алдын алу, қыз-келіншектерге діни әрі психологиялық бағытта дұрыс түсінік қалыптастыру болды.
Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей қатысып, отбасының Исламдағы орны, ерлі-зайыптылардың өзара жауапкершілігі мен сыйластығы туралы уағыз-насихат айтты.
Шара барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, отбасы берекесін сақтау, татулықты нығайту бағытында пікір алмасып, рухани-танымдық ойларымен бөлісті.
Жиын соңында Құран оқылып, ата-баба рухына дұға бағышталды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
01.12.2025
734
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру