Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұнара телеарнасының түсірілім тобы Атырау облысында

Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.12.2025 924 0 пікір
Мұнара телеарнасының түсірілім тобы Атырау облысында

ҚМДБ жанындағы «Мұнара» рухани-танымдық телеарнасының арнайы түсірілім тобы Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің рухани өміріне қатысты бірқатар мазмұнды бағдарламалар әзірледі. Түсірілім жұмыстарына телеарна басшысы Болат Көкенайұлы жетекшілік етті.

Сапар барысында Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Иманым – жиғаным» бағдарламасына қатысып, имандылық, ізгілік және рухани тәрбие тақырыптарында сұхбат берді.

Сонымен қатар өңірдің өнерпаздары «Күйші-термешілер» бағдарламасының «Күмбір күй» айдарына қатысып, ұлттық өнердің өрісін танытты.

Жергілікті имамдар «Отбасы кодексі» бағдарламасына қатысып, отбасы құндылығын сақтау, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілік және неке мен отбасылық құқық мәселелеріне қатысты өзекті ойларымен бөлісті.

Түсірілім тобы Атырау тарихындағы киелі орындардың бірі – Хан ордалы Сарайшықта болып, «Тарихтан тағылым» бағдарламасының кезекті шығарылымын түсірді.

Сондай-ақ сапар барысында өңірдің рухани келбетін айшықтайтын көне ғибадатханалардың бірі – Құспан молла мешіті де телеарнаның түсірілім нысанына енгізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру