Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Аспара ауылында жаңа «Күлия ана» мешітінің ашылу салтанаты өтті. Шараға ауыл тұрғындары, ақсақалдар және арнайы келген қонақтар қатысып, құлшылық үйінің есігі ресми түрде ашылды.
Салтанатты рәсім Құран аяттарын оқумен басталды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жамағатты құттықтап, мешіт салудың сауабы, Алла үйінің қоғамдағы маңызы және ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы насихат айтты.
Бас имам жаңа мешітке қасиетті Құран кітабы мен көркем картинаны сыйға тартты. Құран оқып, дұға жасауды «Һибатулла Тарази» қайырымдылық мекемесінің директоры, қари Бірлік Амангелді орындады.
Игілікті іске үлес қосқан азаматтар сахна төріне шақырылып, оларға шапан жабылып, алғыс хаттар табысталды. Мешіттің негізгі демеушілерінің бірі Бақытбек Дүйсеналыұлына ерекше құрмет көрсетіліп, інісі Еркебұлан ағасына тұлпар мінгізді. Бұл сәт жамағат тарапынан үлкен ризашылықпен қабылданды.
Шараға Алматы облысы Әйел-қыздар секторының жауапты маманы Назерке Әкішқызы да қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жаңа мешіттің ел руханиятына қызмет етеріне сенім білдірді.
Ашылу рәсімінен кейін жамағат мешіт ішіне кіріп, екі рәкағат нәпіл намазын оқып, Құран бағыштап, дұға жасады. Одан соң жұма уағызы айтылып, жаңа мешітте алғашқы жұма намазы өтті.
Салтанат соңында ауыл тұрғындары мен қонақтар үшін дастархан жайылып, бірлік пен береке тіленген ас берілді.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
27.11.2025
599
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру