Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни оңалту маманы Солтүстік Қазақстан облысында

Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 17.11.2025 943 0 пікір
Діни оңалту маманы Солтүстік Қазақстан облысында

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни оңалту бөлімінің маманы, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Ислам Маратұлы барды.

Сапар «Қызылжар» қалалық мешітінде басталды. Ақшам намазынан кейін жамағатпен бірге жайылған дастархан басында Ислам Маратұлы уағыз-насихат айтып, жиналған қауымға арнаулы рухани кеңес берді.

Сапар аясында СҚО бойынша ҚАЖД №48 мекемесіне арнайы барып, жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті. Кездесу барысында ол сабыр, шүкір, кешірім, тәубе, үміт және адамгершілік сынды асыл құндылықтар турасында баяндады.

Сапардың келесі күні Ислам Маратұлы облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде жергілікті жамағатқа «Исламда жастар тәрбиесі» тақырыбында жұма уағызын айтты. Уағыз барысында ол өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру