Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай облыстық мешітінде «жастар – руханият шамшырағы» кездесуі өтті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 17.11.2025 861 0 пікір
Қостанай облыстық мешітінде «жастар – руханият шамшырағы» кездесуі өтті

Қостанай облыстық мешітінде студент жастардың қатысуымен «Жастар – руханият шамшырағы» атты рухани басқосу өтті. Шараның мақсаты – жастардың бойында имандылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.

Кездесуде Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жастарға өнегелі насихат айтып, имандылық, ұлттық сана мен рухани тәрбие туралы ой қозғады. Сондай-ақ, ол студенттерді кітап оқуға, әсіресе Алаш қайраткерлерінің еңбектерімен танысып, тәлім алуға шақырды.

Шара барысында дін, салт-дәстүр және тарих тақырыбында викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Белсенді қатысқан студент жастар марапатталды.

Кездесу соңында мешіт асханасында дастарқан жайылып, жастар бауырмалдық пен бірлікке негізделген еркін әңгіме өрбітті. Рухани мазмұндағы бұл іс-шара жастардың жүрегіне имандылық шырағын жағып, ізгілікке үндеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру