ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика бойынша мешіттерде өткізілген «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Алматы мешіттерінің дін қызметкерлері де үлес қосты.
Алматы мешіттеріндегі сенбілік жұмыстарына шаһардың бас имамы Төлеби Дәділұлынан бастап, дін қызметкерлері, ұстаздар мен шаруашылық қызметкерлері жұмылды. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және ел азаматтарының экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сенбілік шарасында мешіт маңайындағы күзгі жапырақтар мен қоқыстар шығарылып, Алла үйінің іші және сыртқы ауласы тазартылды. Жалпы қала бойынша 300-ге жуық мешіт қызметкерлерінің қатысуымен 43 000 шаршы метр жерден 5 тоннаға жуық қоқыс сыртқа шығарылды.
Ислам – тазалық діні. «Тазалық – құлшылыққа баспалдақ» деп атап айтсақ, Алматы мешіттерінде жылдың әр мезгілінде тазалық шаралары тұрақты жүргізіліп келеді.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
10.11.2025
1528
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру