Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы аясында Қызылорда облысында Құран жарысы ұйымдастырылды. Игі шара барысында ел егемендігі жолында құрбан болған бабалар рухына арнап 35 Құран хатым дұғасы бағышталды.
Облыстық «Ақмешіт–Сырдария» орталық мешітінде өткен жиынға жарысқа қатысушылар, жамағат және дін қызметкерлері қатысты. Қызылорда облысының Бас имамы Дастан Жанасұлы Құран бағыштап, Алладан елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.
Айта кетейік, мереке қарсаңында өңірдегі мешіт имамдары, медресе ұстаздары мен шәкірттер 35 рет толық Құран хатым түсірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
28.10.2025
1108
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру