Республика күніне орай ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шара қалалық орталық «Нұр» мешітінде өтіп, оған Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Акция аясында облыстық Отбасын қолдау орталығы ұсынған тізім бойынша 100 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен Сыр өңірінде қайырымдылық бағытындағы жобалар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Атап айтқанда, жыл басынан бері:
«Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 8 отбасыға баспана кілті табысталды;
«Жылу сыйла» жобасы бойынша 9 үйге газ жүйесі жүргізіліп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға отын-көмір түсіру жұмыстары басталды;
«Өмірге үміт сыйла» жобасы арқылы науқас жандарға қаржылай қолдау көрсетілуде.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы Талсуат ауылындағы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы мен Арал қаласындағы оңалту орталықтары жаңа оңалту құрылғыларымен қамтамасыз етілді. Аталған орталықтарға татами, айна, швед қабырғасы, бизиборд, доптар және дамытушы ойыншықтар сыйға берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
26.10.2025
1405
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру