Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Республика күніне орай спорттық жарыстар ұйымдастырылды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 24.10.2025 1325 0 пікір
Қостанай: Республика күніне орай спорттық жарыстар ұйымдастырылды

Республика күні мерекесі қарсаңында өңірде мешіт жамағаты мен имамдардың қатысуымен футбол, волейбол және үстел теннисінен спорттық сайыстар өтті. Шараның мақсаты – жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен бауырмалдықты арттыру болды.

Жарыстың ашылуында Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы сөз сөйлеп, егемен елге айналу жолында халқымыздың төккен тері мен төзімділігіне тоқталды. Сондай-ақ ол жас ұрпаққа тәуелсіздіктің қадірін ұғындырудың маңызын атап өтті.

Белсенді өткен сайыстарда қатысушылар өзара бақ сынасып, жоғары спорттық дайындық деңгейін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар мен қатысушыларға арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру