Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Алматы облысына жұмыс сапары барысында бірқатар кездесулер мен рухани шаралар өткізді.
Сапар аясында Талғар ауданына қарасты «Биеке батыр» мешітінде имамдарға арналған «Уағыз айту әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар жүргізіп, уағызшының жауапкершілігі, насихат мәдениеті және оның қоғамға ықпалы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар Талғар аудандық мәдениет үйінде өткен жиында зиялы қауым өкілдері және ақсақалдармен жүздесіп, қоғамдағы рухани бірлік пен ізгілік құндылықтарын сақтау мәселесін талқылады.
Іссапар аясында Батыржан Мансұров «Нұр-Мүбарак» университетінің дайындық курсы шәкірттерімен кездесіп, білім алудың артықшылықтары жөнінде насихат айтты. Сондай-ақ, Алматы облыстық «Қапшағай» орталық мешітінде құптан намазы алдында ихсан тақырыбында уағыз жүргізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
24.10.2025
2287
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру