Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордалық марафоншы имамдар жүгіруден жоғары нәтиже көрсетті

Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 20.10.2025 2105 0 пікір
Елордалық марафоншы имамдар жүгіруден жоғары нәтиже көрсетті

Астана қаласы өкілдігінің үш бірдей діни қызметкерлері Әзімбек Берікбайұлы, Нұрболат Әуесхан және Алтынбек Аманжоловтар Алматы қаласында өткен жүгіру марафонына қатысып, үздік нәтиже көрсетті.  

Айта кетсек, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген дін қызметкерлері «Әзірет Сұлтан» және «Әл-Фараби» мешіттерінде еңбек етіп келеді.

Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов Әзімбек Берікбайұлын жетістігімен құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттап жүргені үшін алғыс білдірді.  

Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шарасына 16 149 адам қатысқан. Олардың ішінде 60 елден келген 1 383 шетелдік желаяқ бар. Қатысушылардың басым бөлігі –алматылықтар (14 785 адам). Дегенмен жыл сайын өзге өңірлер мен шетелден келетін спортшылардың үлесі артып келеді. Шетелден келіп қатысқан үздік үштік: Ресей (513 адам), Қырғызстан (180 адам), Қытай (142 адам).

Ендеше марафоншыларымыздың нәтижесімен сіз де таныс болыңыз:

Әзімбек Берікбайұлы – «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни қызметкері.
21 километр қашықтықты 2 сағат, 13 минутта жүгіріп шықты.
Негізгі берілген уақыт – 3 сағат.

Әуесхан Нұрболат – «Әл-Фараби» мешітінің ұстазы.
10 километр  қашықтықты 54 минутта жүгіріп шықты.
Негізгі берілген уақыт – 2 сағат.

Алтынбек Аманжолов – «Әл-Фараби» мешітінің азаншысы.
10 километр  қашықтықты 57 минутта жүгіріп шықты.
Негізгі берілген уақыт – 2 сағат.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру