Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған Мәуліт кеші ұйымдастырылды. «Көркем мінездердің кемелі» атты тағылымды шара өңір жұртшылығын бір арнаға тоғыстырып, имандылық пен ізгілікке үндеген мазмұнды кешке айналды.
Шараға Солтүстік Қазақстан облысының Бас имамы Хамзат Қажымұратұлы, жергілікті зиялы қауым өкілдері, мешіт жамағаты және қала тұрғындары қатысты.
Кеш барысында пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен Ислам дінінің адамгершілікке, бауырмалдық пен сабырлыққа негізделген құндылықтары кеңінен насихатталды. Уағыз-насихаттарда көркем мінездің қоғамдағы маңызы, мұсылманның әдебі мен жауапкершілігі туралы терең ойлар айтылды.
Шара соңында ұйымдастырушылар жамағатқа арнайы сыйлықтар тарту етіп, мешіт қызметкерлеріне шипажайға жолдамалар табыс етті.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Солтүстік Қазақстан облыстық мешітінің баспасөз қызметі
06.10.2025
2355
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру