Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани мәуліт кеші өтті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 30.09.2025 925 0 пікір
Қостанайда «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани мәуліт кеші өтті

Қостанай облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани Мәуліт кеші өтті.

Шараны наиб имам Әлішер Балахмет кіріспе сөзбен ашып, мерекенің мән-маңызына тоқталды. Кеш барысында Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өміріне арналған бейнефильм көрсетіліп, ұстаз-қарилар Мұртаза Балахмет, Сұңғат Қызылбай және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов Мәуліт-шариф оқыды.

Өңірдің Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жиналғандарды Мәуліт мерекесімен құттықтап, демеушілерге алғысын білдіріп, тағылымды уағыз айтты. Сонымен қатар, ұстаз Саидаббас Мираманов қазақ және орыс тілдерінде викториналық ойындар ұйымдастырды. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру