Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Рахым нұры» атты мәуліт кеші өтті

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 29.09.2025 889 0 пікір
ШҚО: «Рахым нұры» атты мәуліт кеші өтті

ҚМДБ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында Мәуліт мерекесіне орай «Рахым нұры» атты рухани мәуліт кеші өтті.  

Кеш барысында Мәуліт оқылып, ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылды.

Бағдарлама аясында рухани-мәдени қойылымдар ұсынылып, Ұлы Абайдың қара сөздері мен өлеңдері облыстық драма театрының әртістері орындауында көпшілікке жол тартты. Сондай-ақ республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегерлері Еркін Қуаныш пен Айдос Рашат айтыс өнерін паш етті.

Кештің сахналық бөлімінде ШҚО драма театры белгілі драматург Иранғайыптың «Алтын ажал» драмасын сахналады. Республикалық «Дала үні домбыра» байқауының жүлдегері, «Халифа Алтай» мешітінің қызметкері Ербол Саргелов терме орындаса, облыстық филармонияның «Байжігіт атындағы ұлт аспаптар оркестрінің» күйшілері ұлттық әуендерді күмбірлетті.

Сонымен қатар кеш барысында Умра қажылығына жолдама ойнатылып, өскемендік жеңімпазға қасиетті сапарға бару мүмкіндігі бұйырды. Көрермендерге облыстық өкілдіктің биылғы жылғы жұмыс есебі мен тағылымды бейнеролик ұсынылды.

Шара аясында «Зекет және қайырымдылық қоры» 4 отбасыға қайырымдылық көмектерін көрсетті.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру