ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Шопан ата және Пір-Бекет атаның туғанына 275 жыл толуына орай ұл балалар арасында қасиетті Құран Кәрімнің үш парасын жатқа оқудан облыстық байқау өтті.
Байқауға 18 жасқа толмаған, Маңғыстау облысының тұрғыны болып табылатын және бұған дейін республикалық немесе облыстық Құран жарыстарының жеңімпазы болмаған үміткерлер қатысты.
Шара барысында облыстың Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Құран жаттаудың сауапты амал екендігін атап өтіп, Шопан ата мен Пір-Бекет атаның ислам дінін насихаттаудағы еңбегіне, ел бірлігі мен имандылық жолындағы өнегелі өміріне тоқталды. Сондай-ақ жас ұрпаққа бабалар рухани мұрасын қастерлеудің маңыздылығын айтты.
Қазылар алқасында Ильясов Нұрғиса, Жұманазар Жәнібек, Ығылман Мұхаммед және Сатешов Айбек қарилар төрелік етті.
Жарыс нәтижесінде:
-
І орын – Нұр Дастан (500 000 тг)
-
ІІ орын – Жұмабай Айбек (300 000 тг)
-
ІІІ орын – Түркменбай Қайсар (200 000 тг)
Марапаттау рәсіміне ел азаматы Нұржігіт Нұрболатұлы қатысып, жеңімпаздарға жүлделерді табыстады. Сондай-ақ барлық қатысушыға ынталандыру сыйлықтары берілді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
29.09.2025
1345
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру