Сыр өңірінде Мәуліт айының құрметіне «Мақтаулы Мұхаммед» атты облыстық рухани кеш ұйымдастырылды. Игі шара Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында өтті.
Мәуліт кешіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесінің мүшесі, РАНТ насихатшысы Арман Қуанышбаев, жас қаламгер Абылай Кенжалы, Қызылорда облысының Бас имамы Дастан Құрманбаев және қала-аудан имамдары, Дін істері басқармасының өкілдері мен жамағат қатысты.
Кеште мәуліт шәріп оқылып, жыршы-термешілер мен айтыскер ақындар ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен сыр шертер жырларын орындады. Театр әртістері «Бір түп алма ағашы» қойылымын сахналап, отбасы құндылықтарын насихаттады.
Сонымен бірге дінтанушы Арман Баймаханұлы «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және отбасы» тақырыбында уағыз айтты. Шара соңында жамағатқа діни кітаптар тарту етіліп, науқас балаларға қаржылай көмек көрсетілді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
29.09.2025
1334
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру