Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Дін мен дәстүр тағылымы» семинары өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 24.09.2025 907 0 пікір
Шымкент: «Дін мен дәстүр тағылымы» семинары өтті

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен «Шымкент» медресе-колледжі бірлесіп, «Ислам және отбасы құндылықтары жылы» аясында «Дін мен дәстүр тағылымы» атты танымдық-рухани семинар өткізді. 

Игі шараға Шымкент өкілдігінің дін мен дәстүр бойынша жетекшісі Самат Анарбаев қатысып, ұстаздар мен студенттерге дәріс оқыды.

Семинардың негізгі мақсаты – дін мен дәстүр құндылықтарын насихаттау, қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгініне тоқталу, аймақтан шыққан дін қайраткерлерінің өмірі мен еңбектерін таныстыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру